«Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойына орай - 15 маңызды іс-шара. 1 наурызда өтетін мерейтойға байланысты дайындық шаралары бастады. Бүгін «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының үш бастауыш партиясы ұйымдарымен бірге үстел басына жиылды. Олар 15 жаңа мүшені ресми түрде қабылдады.
Сондай-ақ Қазақстан республикасы Президентінің «Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылады. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы Жолдаудың негізгі міндеттеріне тоқталды.
Оразкүл Асанғазы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,«Нұр Отан» партиясының мүшесі:
Кез келген қазақстандық жүрегімен бұл Жолдауды түсіну керек, өзі арқылы өткізу керек. Қазақ айтады ғой, Отан отбасынан басталады деп, «Үш күндігін ойламаған адамнан без» деп. Ал енді мемлекет өскен, өркендеген 30 елдің қатарына қосылу үшін 2050-ге жоспар жасап отыр.
Серікбол Қалиақбаров, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі:
Мүгедектерге, асыраушысынан айырылғандарға көмек көрсету, екіншіден, қазақ тілінің мәртебесін өсіру, денсаулық сақтау және дене шынықтыруды жалғастырып отырмыз деп ойлаймын.