Басты бет«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК жаңа басшысы тағайындалды

«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарашусының бұйрығымен 2014 жылғы 13 қаңтардан бастап Дзюба Александр Викторович «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

ДЗЮБА АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧ

1970 жылы 4 сәуірде туған.

1992 жылы Кременчуг Азаматтық авиацияның ұшқыштар училищесін бітірген (Украина, Кременчуг қ.), біліктілігі – ұшқыш.

2000 жылы Ақтөбе Азаматтық авиацияның жоғарғы ұшқыштар училищесін аяқтаған, біліктілігі – инженер-ұшқыш.

Еңбек жолын 1992 жылы Гурьев авиациялық жасағының Ми-8 әуе кемесінің екінші ұшқышы болып бастаған.

1993 - 1997 жылдар аралығында Алматы облысы Бурундай біріккен авиациялық жасағының Ми-8МТВ әуе кемесінің екінші-ұшқышы болып жұмыс істеген.

1997 - 2000 жылдар аралығында «Ориент Игл Эйрвейз» ЖШС-тың
Ми-8 әуе кемесінің екінші ұшқышы болған.

2000 - 2010 жылдар аралығында «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК-ның Ми-8 МТВ әуе кемесінің екінші ұшқышы, командирі, ұшқыш-нұсқаушысы.

2010 жылдан бастап «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК директорының орынбасары.

2014 жылғы 13 қаңтардан бастап «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК директоры.