Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конку...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172)741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің бас сарапшысы, В-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: жүктелген міндеттерді, басшылық тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің және басқа қызмет көрсетілетін адамдардың қатысуымен ел ішінде және шетелдерде өтетін, сондай-ақ шетелдік делегациялардың Қазақстан Республикасына сапарлары шеңберінде (қарсы алу/шығарып салу, тамақтану, орналастыру, көлік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, концерттер, мәдени объектілер, медициналық қызмет көрсету, аударма, баспа өнімдері және басқалар) ресми іс-шараларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру; іс-шаралар мен бағдарламалар кестесін дайындау; хаттамалық сыйлықтармен және естелік кәдесыйлармен қамтамасыз ету, кәдесый өнімдерін іріктеу, каталогтар мен анықтамалықтарды әзірлеу; материалдарды аударуды жүзеге асыру; автокөлікке арнаулы мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен қамтамасыз ету, оларды бекіту, ресімдеу, беру және ауыстыру; хаттар мен жазбаларды дайындау; жұмыс топтарына қатысу.

Орташа лауазымдық жалақысы: 327 923

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе әлемдік экономика және/немесе құқық және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе халықаралық экономикалық қатынастар); өнер гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі және/немесе арт-менеджмент); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе қоғаммен байланыс және/немесе халықаралық қатынастар және/немесе саясаттану).

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-5 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талапқа сәйкес болуы тиіс:

жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі лауазымдарына сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: шкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі немесе электрондық тасымалдағыштағы еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі.

Құжаттар электронды түрде «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе konkurs@udp-rk.kz электрондық пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде жолданады.

Әңгімелесу откізу орыны мен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап келесі бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,  12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.

Кандидаттардың ішкі конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануына жол беріледі.

_________________________