Басты бетҰлттық госпитальдегі стоматология қалай дамып келеді

Ұлттық госпитальдегі стоматология қалай дамып келеді

Ұлттық госпитальдегі стоматология қалай дамып келеді

Ұлттық госпиталь стоматологиялық көмекті дамыту бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізуде.

Медициналық ұйымының стоматология бөлімшесінің меңгерушісі Елена Нагинаның айтуынша, өткен жылы медициналық мекеменің стоматология бөлімшесіне шамамен 9 мыңға жуық ем алушы жүгінген.

Дамудың жеке бағыты ретінде стоматологиялық туризм қалыптасып келеді. Соңғы жылдары бөлімшеге тіс емдету мақсатында арнайы келетін шетел азаматтарының саны артып отыр.

Пациенттер Германия, Ресей, Испания, Канада және АҚШ елдерінен келеді, әрі олардың саны тұрақты түрде өсуде. Стоматология саласында дәстүрлі түрде АҚШ, Израиль, Швейцария, Германия және Оңтүстік Корея көшбасшы елдер саналса да, Қазақстан медициналық қызметтер нарығында өз орнын сенімді түрде иеленіп келеді. 

Мұнда көрсетілетін стоматологиялық көмектің сапасы халықаралық стандарттарға толық сай, ал емдеу құны анағұрлым қолжетімді.