Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметінің ресми хабарламасы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметінің ресми хабарламасы

Бұдан бұрын Алматы қаласының полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізгені үшін бой жеткен қызды тоқтатқанда, оның Элеонора Зиетдинова атына берілген «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы кеңесшісінің көмекшісі» деген жазуы бар куәлікті көрсеткені туралы ақпаратты бірқатар БАҚ таратқан болатын.

Аталған тұлға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жүйесінде жұмыс істемейді және ешқашан да жұмыс істемеген, сондай-ақ Элеонора Зиетдинованың атына куәлік берілген жоқ деп хабарлаймыз.