Басты бет«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті

26 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы Саяси кеңес бюросының отырысы өтті, онда 2013 жылдың қорытындысы жасалып, 2014 жылдың жоспары бекітілді.

Филиал төрағасының бірінші орынбасары Ә. Қайшарова филиал жұмысының қорытындылары туралы баяндады: «Бүгінгі күні «Бірлік» - 48 бастауыш партия ұйымына біріккен 5422 партия мүшесі. Ағымдағы жылы ғана біздің қатарымызға 861 жаңа партия мүшесі қосылды, бастауыш партия ұйымдарының саны 6 бірлікке көбейді. Филиал 395 іс-шара өткізді, оларға шамамен 15 мың адам қатысты.

Бұның барлығы партия филиалының мүшелері Президент Н.Ә. Назарбаев саясатының белсенді қолдаушылары екендігін, Елбасымыздың -  «Нұр Отан» партиясы  төрағасының «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға айтарлықтай  үлес қосатындығын айғақтайды».

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы               Ж. Қасымбек («Қазавтокөлік» АҚ БПҰ) және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т. Жақсылықов («Экономикалық зерттеулер институты» АҚ БПҰ) бастауыш партия ұйымдарының жұмысы туралы есеп берді.

Партияның Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Ахметов отырыс қорытындыларын жасап, «Бірлік» филиалының қызметіне жоғары баға берді.