Басты бетРесей Федерациясы Президентінің Іс басқармасына 20 жыл толуына арналған мерейтой

Ресей Федерациясы Президентінің Іс басқармасына 20 жыл толуына арналған мерейтой

2013 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Президентінің Іс басқармасына 20 жыл толуына арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Аталған іс-шараларға бірқатар ТМД елдерінің, сондай-ақ Қытай мен Монғолия Президентінің Іс басқарушылары қатысты.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы А. Бисембаев басқарды.

Мерекелік іс-шаралар шеңберінде Іс басқарушылардың жұмыс кездесуі өтті, кездесу барысында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері талқыланды.

Кешкісін Мемлекеттік Кремль сарайында өнерпаздар концерті мен салтанатты қабылдау өтті.