Басты бетБас медбикелер «Бикелікқызметтегі менеджмент» тақырыбында семинарды өтеді

Бас медбикелер «Бикелікқызметтегі менеджмент» тақырыбында семинарды өтеді

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ Литва Денсаулық ғылымдары университетінің әріптестігімен Қазақстанның емдеу-профилактикалық мекемелері бикелік қызметтерінің басшыларына оқу семинарын өткізеді.

«Бикелік қызметтегі менеджмент» семинары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базасында 2013 жылғы 9 бен 13 желтоқсан аралығында өтеді. Оқуды Литва Денсаулық ғылымдары университетінің бикелік қызмет кафедрасының басшысы профессор Аурелия Блажявичене өткізеді.

Профессор Аурелия Блажявичене, Қоғамдық денсаулық сақтау докторының дәрежесіне ие, бір апта бойы денсаулық сақтау саласында бикелік қызметтегі 15 жылдан астам жасаған еңбек тәжірибесімен бөліседі. Бағдарламасы бикелік қызмет басшыларына, бас және аға бикелерге бағытталған. Аталған семинарға Қазақстанның бірнеше аймақтарынан: Астана қаласынан, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облысының 40 астам мамандары қатысады.

Аталған шара - ағымдағы жыл бойынша орта медициналық құрамға арналған екінші оқыту семинары. Сонымен қатар, Қазақстанда бикелік қызметті басқарудың жаңа әдістемелерін енгізуге ықпал етуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың маусым айында «Бикелік қызмет жүргізудің заманауи мәселелері» атты шебер-сынып өткізіліп, оған барлық елімізден орта медициналық буынның 40 басшысы қатысқанын ескереміз.