Басты бетПрезидент Телерадиокешені мен Associated Press of Pakistan ынтымақтастық туралы меморандумға қол...

Президент Телерадиокешені мен Associated Press of Pakistan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Президент Телерадиокешені мен Associated Press of Pakistan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Президентінің Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф екі ел арасында стратегиялық әріптестік орнату туралы Бірлескен декларацияға қол қойды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ШЖК РМК мен Associated Press of Pakistan ақпарат агенттігі арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Президент Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева мен Associated Press of Pakistan агенттігінің бас директоры Мұхаммад Асим қол қойды.

Президент Телерадиокешені үшін Associated Press of Pakistan агенттігімен ынтымақтастық Оңтүстік Азия елдері арасында аудиториясы бойынша екінші орында тұрған әрі халқы 250 миллионнан асатын Пәкістан нарығына жол ашады.

Меморандумды іске асыру екіжақты ынтымақтастықты дамытуға серпін беріп, Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасындағы оқиғалар туралы аудиторияның хабардар болу деңгейін арттыруға, шынайы әрі сапалы жаңалық контентімен алмасуды кеңейтуге, сондай-ақ екі елдің журналистері мен медиа мамандары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.