Басты бетПРЕСС-РЕЛИЗ «Метаболикалық синдром: жетістіктері мен мәселелер. Теориядан практикаға» Халықаралық...

ПРЕСС-РЕЛИЗ «Метаболикалық синдром: жетістіктері мен мәселелер. Теориядан практикаға» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы Қазақстан геронтологтарының қоғамдастығы және Қазақстан Республикасының гастроэнтерологтар ассоциациясымен бірлесіп «Метаболикалық синдром: жетістіктері мен мәселелер. Теориядан практикаға» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Метаболикалық синдром ғалами, өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Метаболиқалық синдром қантты диабет, ауқатты семіздік, артериялық гипертония, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық аурулары және басқалар сияқты ауыр патологиялар клиникалық көрінісінің қосындысы ретінде байқалады. Мәні бойынша, ол кең таралған кардиологиялық және эндокринологиялық аурулардың клиникалық және патобиохимиялық ізашары, өлім-жітімнің, қазіргі заманғы адамның өмір сапасының төмендеу, мүгедектіктің негізгі себебі болып табылады.

Конференция бағдарламасына келесі бағыттар енгізілген: метаболикалық синдром пәнаралық мәселе, метаболикалық синдром кезінде тамақтану, оны диагностикалау, емдеу және алдын алудың инновациялық аспектілері.

Аталған іс-шара аурудың ағымын түсіну және заманауи ұсынба қалыптастыру үшін, оның алдын алу, анықтау және емдеу бойынша келісілген ұсынымдарды қалыптастыру үшін халықаралық алаң болып табылады.

Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Сингапур және Жапонияның жетекші ғылыми орталықтарының атақты ғалымдары мен басшылары қатысады.

Конференцияның интеллектуалды серіктестері ретінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі, «Назарбаев Университет» АБҰ, «Ұлттық медицина холдингі» АҚ, «Астана медициналық университеті» АҚ, Ресей Медициналық Ғылымдар Академиясы бөлімінің биорегуляция және геронтология институты, Биоинформатика институты (Сингапур) болып табылады.

 

Өткізу орны және уақыты: Қазақстан Республикасы, Астана қ, Қорғалжын шоссе, 2а, «Думан» қонақжай кешені, 1-қабат, «Әйгерім» конференц-залы, 2013 жылғы 19 қараша, 9.00-18.00 сағ.

 

Құрметті журналисттер!

Аталған шараға қатысу үшін міндетті түрде аккредитация қажет.

 

БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өту үшін келесі байланыс бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:

Аида Нұрғожаева, ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз хатшысы

Телефон: +7 (7172) 74-15-39

E-mail: nurgozhayeva_aa@udp-rk.kz

 

 

Іс-шара бағдарламасының жобасы