Басты бетПрезиденттік орталықта жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті

Президенттік орталықта жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті

Президенттік орталықта жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті Президенттік орталықта жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті Президенттік орталықта жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті Президенттік орталықта жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті Президенттік орталықта жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті

Президенттік орталықта «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» тақырыбында Ата заңның жаңа редакциясының жобасын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті.

Кездесуді ашқан ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат ұсынылып отырған мемлекеттік модель Парламенттің, сот жүйесінің және азаматтық қоғамның рөлін күшейтуді көздейтінін, сондай-ақ адам мен оның құқықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістер «Әділетті Қазақстанды» қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағытты іске асырудың маңызды кезеңі.

Талқылау барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров күрделі халықаралық жағдай тұрғысында мемлекеттік құрылыстың унитарлық нысанын және президенттік басқару формасын сақтаудың стратегиялық маңыздылығына назар аударды. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова Конституцияның жаңа редакциясының жобасы жеке өмірге қол сұқпаушылық пен дербес деректерді қорғауды қоса алғанда, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге бағытталған түбегейлі бетбұрысты көрсететінін атап өтті.

Сараптамалық пікірталастың қорытындысын шығара отырып, Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов Конституция жобасын қоғамдық талқылауға азаматтардың белсенді қатысуы саяси жаңғыртудың маңызды көрсеткіші әрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзінде жүзеге асырылуының айқын мысалы екенін айтты.

Сараптамалық кездесуге ғылыми қауымдастықтың, даму институттарының және азаматтық қоғамның өкілдері, жетекші сарапшылар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен V Ұлттық құрылтайдың қатысушылары қатарынан шамамен 70 адам қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы мен Мемлекет тарихы институтының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.