Жәндіктер, кеміргіштер мен зең тұрғын үйлерде де, кәсіпорындарда да жиі кездесетін жағдай. Бұрын олармен күресу үшін көбіне химиялық құралдар қолданылатын, алайда бұл ұзақ мерзімді нәтиже бермейді әрі адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Бүгінде зиянкестермен күресте қауіпсіз әрі заманауи интеграцияланған пест-бақылау (IPM) тәсілі кеңінен қолданылуда. Бұл тәсіл зиянкестерді химиялық заттармен емес, олардың пайда болу себептерін жоюға мүмкіндік береді.
Ең алдымен мамандар үй-жайдың жай-күйін тексереді: тазалық деңгейін, ылғалдылықты, азық-түлікті сақтау шарттарын, сондай-ақ жәндіктер мен кеміргіштер енуі мүмкін саңылаулар мен өзге де осал орындарды анықтайды. Мәселелерді ерте кезеңде бақылауда ұстау маңызды, себебі бұл оларды шұғыл түрде жою қажеттілігін болдырмайды. Мамандардың айтуынша, химиялық құралдар тек қажет болған жағдайда және адамдарға зиян келтірмеу үшін нысаналы түрде қолданылады.
Мұндай әдістер Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Референс-зертханасында да қолданылады. Зертхана қызметкерлерінің айтуынша, профилактика және тұрақты тексерулер зиянкестердің қайта пайда болуына жол бермейді.
Әсіресе қауіпсіздік талаптары жоғары нысандарда, оның ішінде азық-түлік өндірістерінде, қоймаларда, ауруханалар мен мектептерде бұл тәсілді қолдану аса маңызды. Себебі мұндай мекемелерде адам денсаулығы басты басымдық. 2025 жылы референс-зертхана мамандары нысандарды алдын алу мақсатында 12 рет көшпелі тексеру жүргізген.
Зиянкестерден қорғаудың заманауи жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы толығырақ baq.kz оқи аласыз.