Мемлекеттік органдардың қызметшілерін саламатты өмір салтына баулу және тиімді тамақтану мен дұрыс дайындалған асқа талғамын арттыру мақсатында күз басталғаннан бері «Қараөткел» РМК әртүрлі аспаздық іс-шаралар өткізуде.
«Алтын күз», «Алма фестивалі» мен «Асқабақ күні» сияқты іс-шаралар өткізу кезінде мерекелік көңіл-күй қалыптастыру үшін тамақтану залдарында тақырыпқа лайықты мерекелік безендіру ұйымдастырылды. Келушілерге түрлі-түрлі пирогтар, алманың әртүрлі сорты, асқабақтан жасалған тағамдар, пісірмелер, нанның түр-түрі, көкөніс пен жемістен жасалған дәмді де әдемі салаттар және салқын сусындар ұсынылды.
«Қараөткел» РМК «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері үшін әртүрлі жәрмеңкелер, фестивальдар, ұлттық тағамдар күндерін тұрақты түрде өткізуде. Осылайша, 8 қараша күні кәсіпорынның асханаларында Ұлттық нан өнімдері күні өтті, онда барлық ниет білдірген адамдар ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік алды.