Басты бетМедициналық роботтар науқастардың толыққанды өмірге оралуына көмектеседі

Медициналық роботтар науқастардың толыққанды өмірге оралуына көмектеседі

Медициналық роботтар науқастардың толыққанды өмірге оралуына көмектеседі Медициналық роботтар науқастардың толыққанды өмірге оралуына көмектеседі Медициналық роботтар науқастардың толыққанды өмірге оралуына көмектеседі Медициналық роботтар науқастардың толыққанды өмірге оралуына көмектеседі

Бүгінде реабилитация инсульттен, жарақаттан немесе операциядан кейін науқасты толыққанды өмірге қайтаруда шешуші рөл атқаратын емдеудің ажырамас бөлігіне айналды. Қалпына келтірудің заманауи тәсілі тек дәстүрлі жаттығулармен шектелмей, кешенді медициналық, физикалық және психологиялық қолдауды қамтиды.

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының Қалпына келтіру емі және оңалту орталығының басшысы Мадинат Жүнісованың айтуынша, реабилитация науқастың жағдайы тұрақталған сәттен бастап-ақ ерте кезеңде қолға алынады және жасына, өмір салтына, функционалдық мүмкіндіктері мен алға қойылған мақсаттарға қарай жеке жоспарланады. Негізгі басымдық – науқастың өз бетінше әрекет ету қабілетін қалпына келтіру және оны әлеуметтік белсенді өмірге қайта бейімдеу.

Қазіргі таңда оңалту қызметіне ең жоғары сұраныс неврологиялық реабилитация бағытына тиесілі. Бұл инсульт алған, бас-ми жарақаттары мен нейрохирургиялық операциялардан кейінгі науқастар санының артуымен байланысты. Сонымен қатар травматологиялық және кардиологиялық реабилитация бағыттары да қарқынды дамып келеді. Әрбір қалпына келтіру бағдарламасы науқастың жағдайына қарай дербес іріктеледі.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасында бұл үдерісте заманауи роботтандырылған медициналық технологиялар кеңінен қолданылады. Арнайы медициналық роботтар қозғалыс дағдыларын қауіпсіз қалпына келтіруге және оңалту нәтижелерін тиімді арттыруға мүмкіндік береді.

Толығырақ Baq.kz сайтынан оқи аласыздар https://baq.kz/