Басты бетҚазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында неміс ма...

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында неміс мамандарының қатысуымен құлақ микрохирургиясы саласындағы жаңа технологиялар жөнінде мастер-класс өтті.

2013 жылғы 3-7 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасында Германиядан (Штутгарт қаласы) шақырылған хирургтер - приват-доцент, доктор Хеуманн Хеннинг (Dr. Heumann Henning) пен оның көмекшісі, доктор Винс Дитердің (Dr. Wiens Dieter) қатысуымен «Құлақ микрохирургиясындағы жаңа технологиялар» атты мастер-класс өтті.

Мастер-класс барысында орта құлаққа 18 операция сәтті жасалып, құлақ микрохирургиясындағы жаңа оперативтік әдістер көрсетілді, сондай-ақ дәріс оқу мен талқылау арқылы тәжірибе алмасу жүзеге асырылды.

Бұл іс-шара Қазақстанға емдеу мен диагностикалаудың озық әдістерін енгізу үшін және ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханалары мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасы шеңберінде өтті.

Қазіргі уақытта емделушілер операциядан кейінгі ем-шараны қабылдап, жоғары білікті дәрігерлердің тұрақты қарауында.