Басты бетПрезиденттік орталықта «Қала ырғағы» атты жеке көрме ашылды

Президенттік орталықта «Қала ырғағы» атты жеке көрме ашылды

Президенттік орталықта «Қала ырғағы» атты жеке көрме ашылды Президенттік орталықта «Қала ырғағы» атты жеке көрме ашылды Президенттік орталықта «Қала ырғағы» атты жеке көрме ашылды Президенттік орталықта «Қала ырғағы» атты жеке көрме ашылды Президенттік орталықта «Қала ырғағы» атты жеке көрме ашылды

Бүгін Астанадағы Президенттік орталықта суретші Жеңіс Кәкенұлының «Қала ырғағы» атты жеке көрмесі ашылды. Жоба заманауи елорданың бейнесі мен оның динамикасына арналған.

Экспозицияда кескіндеме, графика және digital-art жанрларында орындалған 50-ге жуық жұмыс ұсынылған. Негізгі тақырып — Астананың сол жағалауындағы сәулет нысандары. Олардың қатарында «Зүбаржат орамы», «Астана Триумфы», «Қазақстан Темір Жолы» ғимараттары, «Транспорт тауэр», Салтанат сарайы және басқа да қалалық нысандар бар. Қалалық пейзаждар қазақтың ұлттық қолданбалы өнер элементтерімен толықтырылып, туындыларға айқын ұлттық колорит береді.

«Бұл көрме — заманауи қала туралы жай ғана көркем баяндау емес. Бұл — оның тынысын естуге, қозғалысын сезінуге, адам өмір сүретін кеңістіктің ішкі ырғағын ұғынуға жасалған талпыныс. Суретшінің жұмыстарында қала ғимараттар мен көшелердің жиынтығы ретінде емес, мағынаға, эмоцияға және уақытқа толы тірі ағза ретінде көрініс табады. Көрмеге келешілерді терең үңілуге және сезінуге шақырады: әр қаланың өз мінезі, өз қарқыны, өз жады бар», — деді Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Өз кезегінде автор ұсынылған жұмыстарды қала кеңістігін үйлесім мен эмоциялық қабылдау идеясы біріктіретінін атап өтті.

Жеңіс Кәкенұлы — Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ педагогикалық институтының түлегі. Ол сондай-ақ 40-тан астам басылымды көркемдеп, кітап иллюстраторы әрі көркемдік редактор ретінде танымал. Оның қалалық пейзаждары бұған дейін Семей және Нью-Йорк қалаларында экспозицияланып, Қазақстанда және шетелдердегі жеке коллекцияларда сақтаулы.

«Қала ырғағы» көрмесі Президенттік орталықта 2026 жылғы 23 ақпанға дейін жалғасады. Мекенжайы: Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1а.