«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы 2013 жылғы 6 қазан – Дүниежүзілік мүұғалімдер күні қарсаңында «Қарлығаш» балабақшасының оқытушыларын құттықтады.
«Мұғалімдер күні ең сүйікті кәсіби мейрамдардың бірі. Мұғалім – бұл білім беретін адам ғана емес, адамгершілік пен ізгілікті таратушы. Мұғалімдер ерекше азаматтық миссияны – жас ұрпақты тәрбиелеуді жүзеге асырады. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүрлер сабақтастығы біздің әрқайсымыздың қалыптасу негізімізде жатыр. Біз негізінде бейбітшілік, адам құқығы, париотизм және елдің тұрақты дамуы жатқан болашақ ұрпақты оқытуға жауапты мұғалімдерге алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз», - деп «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Қайшарова өз құттықтау сөзінде атап өтті.