Басты бетОстеопороз «жасарып барады»: нені білу маңызды?

Остеопороз «жасарып барады»: нені білу маңызды?

Остеопороз «жасарып барады»: нені білу маңызды?

Ұлттық госпиталь дәрігерлері соңғы жылдары жастар арасында остеопороз дерті жиілегенін туралы айтып жатыр. Бұл ауру ұзақ уақыт ешқандай белгі бермей, көбіне жарақат немесе сүйек сынғаннан кейін ғана анықталады.

Остеопороздың не себепті ұзақ уақыт байқалмай жүретінін түсіну үшін оның даму механизмін білу маңызды. Бұл ауру сүйек тінінің тығыздығы төмендеген кезде пайда болып, салдарынан сүйектер сынықтарға қатты бейім болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, дәстүрлі қауіп тобына 50 жастан асқан адамдар, әсіресе менопаузадан кейінгі әйелдер жатады. Алайда Ұлттық госпитальдің эндокринолог-дәрігері Мөлдір Маратованың айтуынша, соңғы жылдары остеопороз ер адамдар мен жас науқастарда да жиі анықталып отыр.

Мамандардың сөзінше, бұған қазіргі заманғы өмір салтымен байланысты бірқатар факторлар әсер етеді. Остеопороздың дамуына ықпал ететін негізгі себептердің қатарында D витамині мен кальций тапшылығы, қимыл-қозғалыстың аздығы және отырып істейтін жұмыс, гормоналдық бұзылыстар, теңгерімсіз тамақтану және энергетикалық сусындарды жиі тұтыну.

Осы факторлардың әсерінен сүйек тіндері біртіндеп беріктігін жоғалтады. Дәрігерлер остеопороз кезінде тіпті шағын жүктеменің өзі сыну қаупін арттыратынын ескертеді. Дерттің ең ауыр асқынуларына омыртқа жотасының және жамбас сүйегі мойнының сынуы жатады.

Аурудың ауыр түрлерінде, остеопороз сүйек сынулары мен буындардың зақымдануына әкелген жағдайда, хирургиялық ем қажет болуы мүмкін. Ұлттық госпитальдің өзінде жыл сайын шамамен 200 операция жасалады, оның ішінде артроскопиялық араласулар мен сынуларға остеосинтез жасау бар.

Клиникалық белгілердің кеш байқалатынын ескерсек, ерте диагностика ерекше маңызға ие. Остеопорозды анықтау үшін сүйек тінінің тығыздығын бастапқы кезеңде өлшеуге мүмкіндік беретін денситометрия әдісі қолданылады. Уақтылы тексеруден өту асқынулардың алдын алып, емдеуді ерте бастауға мүмкіндік береді.

Диагностикамен қатар алдын алу шаралары да маңызды. Ұлттық госпиталь дәрігерлері тұрақты физикалық белсенділікпен айналысуға, кальцийге бай теңгерімді тамақтануға, D витаминінің деңгейін бақылауға, таза ауада көбірек серуендеуге және зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді.