Басты бетҚазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ме...

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ меморандумға қол қойды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ меморандумға қол қойды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ меморандумға қол қойды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ меморандумға қол қойды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ меморандумға қол қойды

Бұл бастаманың мақсаты кадрлық әлеуетті арттыру және ПІБ жүйесі қызметіне үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында білім алып жатқан грант иегерлерінің ғылыми-зерттеу тақырыптарын интеграциялау. Бұдан басқа, меморандум әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқитын жоғары білікті мамандар мен талантты жастарды мемлекеттік органның қызметіне тартуды көздейді.

«Кадрлар Президент Іс басқармасы жүйесінің тиімді қызметінің негізі және кепілі болып табылады, олар мақсаттарға қол жеткізуді және қойылған міндеттерді іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл тұрғыда кадрлық әлеуетті арттыру және адам ресурстарын үздіксіз дамыту біздің HR-стратегиямыздың басым бағыттарының бірі. Біз «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектерін тартуға мүдделіміз. Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды ескере отырып, цифрландыру және жасанды интеллект салаларында білім алатын мамандар ерекше маңызға ие», - деп атап өтті ҚР ПІБ аппаратының басшысы Алмас Исаков.

Өз кезегінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Құсманов орталықтың ағымдағы басымдықтары туралы айта келе, мұндай меморандумдар басқа да мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдармен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Өткен жылдың соңынан бастап біз «Болашаққа көпір» жобасын жүзеге асырып келеміз. Жобаның мақсаты - стипендиаттардың магистрлік және докторлық ғылыми зерттеулерін ел экономикасының қажеттіліктеріне бағыттау, сондай-ақ тәлімгерлік институтын дамыту. Осыған байланысты біз Президент Іс Басқармасымен әріптестік орнатуға мүдделіміз», - деп атап өтті Әділ Құсманов. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, оған ведомстволық бағынысты ведомстволар мен ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

    
ҚР ПІБ Баспасөз қызметі