2013 жылғы 28 қыркүйекте «Алатау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдарының 14 командасы арасында волейболдан дәстүрлі жарыс өтті. Жарыс Іс Басқармасы қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Бірінші орын үшін «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК мен «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК командалары жарысты, соңғысы бас жүлдеге ие болды. Құрметті үшінші орынды «ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ командасы алды.
Сонымен қатар, мынадай номинациялар бойынша ең үздік ойыншылар белгіленді: «Үздік шабуылшы» – А.В. Лопатинский («Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК), «Үздік қорғаушы» –
Н.Е. Келдияров («ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» ММ) және «Үздік пас беруші» – А.С. Баймағанбетов («ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ).