Басты бет«Нұр Отан» Халық-Демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы «Бірлік» филиалының X кезектен тыс...

«Нұр Отан» Халық-Демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы «Бірлік» филиалының X кезектен тыс конференциясының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2013 жылғы 19 қыркүйекте «Нұр-Отан» партиясының «Бірлік» астаналық филиалы «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты партияның саяси доктринасы мен жаңа міндеттерін талқылау жөнінде Х кезектен тыс конференциясын өткізді.

Аталған конференция үстіміздегі жылғы 18 қазанда болатын «Нұр-Отан» партиясының XV кезектен тыс съезі шеңберінде өтті.

Қонференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауын және «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты партияның саяси доктринасын іске асыру аясында партия алдына қойылған міндеттер белсенді талқыланды.

Бүгінгі күні міндеттері толық орындалған «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыруындағы партия рөлін белгілеу жөніндегі партияның бірінші доктринасы 2001 жылғы 20 сәуірде бекітілген болатын.

2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев еліміздің дамуының жаңа бағыттары мен бағдарлары бекітілген «Қазақстан-2050» стратегиясын ұсынды. Доктринаны қабылдауымен партия еліміздің жаңа саяси бағытын іске асыруындағы өз орны мен рөлін анықтады.

Партияның жаңа саяси доктринасын конференция делегаттары мақұлдады. Сонымен қатар, конференция қорытындылары бойынша Есіл аудандық конференцияға делегаттардың сайлауы өтіп, «Нұр Отан» халық-демократиялық партиясының Астана қалалық филиалының «Бірлік» филиалы саяси кеңесінің, саяси кеңесі бюросының, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің, ақпараттық-насихаттық тобы мен партиялық бақылау комиссиясының құрамына тиісті өзгерістер енгізілді.