Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» шаруа...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымы орнына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  директоры  бос  лауазымы орнына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 12-кіреберіс, анықтама телефондары: 8(7172) 741652, 741892.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: кәсіпорын  мынанадй қызмет түрлерін жүзеге асырады: Қазақстан Республикасы Президентінің  қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, Кәсіпорын теңгерісіндегі объектілерге кешенді қызмет көрсетуді, оларды күтіп ұстауды және техникалық пайдалануды қамтамасыз ету, ресми іс-шараларға қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсету және т.б.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті)  жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

  1. «Бизнес, басқару және құқық» бағыты бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі;

  2.  кәсіпорын саласына ұқсас экономика саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

  3. мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік мүлік, мемлекеттiк сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуі.

Конкурсқа бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар қатыса алмайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

      Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми атағын беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.         

          Конкурсқа жіберілген кандидаттар 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік  Ел  даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 12-кіреберісте орналасқан «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» ММ 1009-кабинетте әңгімелесуден өтеді, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-16-32, 87019428466.