«В контексте» — Jibek Joly радиосында эфирге шығатын әлеуметтік-саяси ток-шоу. Қоғамдағы өзекті мәселелерді талдауге арналған аналитикалық жобаның басты назарында Қазақстан және әлем үшін маңызды оқиғалардың себептері, өзара байланыстары және ықтимал салдары жан-жақты талқыланады.
Бұл формат жоба авторларына жаңалықтардағы қысқаша сипаттамалар мен жеңіл баға бермей, саясат, экономика және қоғамдық өмірдегі процестерді тереңірек талдауға, мүмкіндік береді. Форматтың негізін жүйелі талдау, дәлелді пікірталас және фактілермен жұмыс құрайды.
«Біз үшін маңыздысы — тек оқиға жайлы айту емес, оның себеп-салдарына үңілу. Біз үнемі аудитория сұранысын ескеріп, сонымен қатар өткір тақырыптарды көтереміз», — дейді автор және жүргізуші Сергей Гергиль.
Бағдарламаның қонақтары — сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері және қоғам пікірін қалыптастыратын тұлғалар. Жоба авторы және жүргізушісі Салтанат Арықбаеваның айтуынша, бағдарламаны «Об интересном» атты айдар толықтырады, ол талқылауды бейресми форматта кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жоба эфирге 2025 жылғы 15 қыркүйектен бері шығады. Ток-шоу жүргізушілері — Салтанат Арықбаева және Сергей Гергиль.