2013 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Басқарушы орынбасары Е. Баттақов ашқан Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Осы жиналыста мемлекеттік тілдің дамуы жөнінде Тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы мен Ұлттық тестілеу орталығының басқарма жетекшісі Әбдіхалықов Айдос Тұрсымбайұлы сөз сөйледі. Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ұ.С. Сарқұлов «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасындағы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің жай-күйі туралы» тақырыбында баяндама оқыды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен мәртебесін арттыруды насихаттауға қосқан үлесі, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуде жақсы нәтижеге қол жеткізгені үшін «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Қараөткел» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Инженерлік-техникалық орталығы» акционерлік қоғамы сияқты ведомстволық қарасты ұйымдарға алғыс хат табыс етілді.
Салтанатты жиналыстан кейін ведомстволық қарасты ұйымдардың мемлекеттік тілді дамытуға жауапты қызметкерлері үшін «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің проблемалық мәселелері және оны шешу жолдары» атты семинар өтті.