Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының кітапханасы – заманауи мәдени-білім беру орталығы болып саналды және Қазақстан Республикасының Президенті мен экс-Президенттерінің қызметі туралы, елімізде және шетелде жарық көрген авторлық еңбектерімен жүйелі түрде толықтырылып, тұрақты дамып келеді.
Кітапхана қорында мемлекет басшыларының авторларлық қолтаңбасымен сыйға тартылған кітаптар мен өзге де баспа басылымдары, сирек, коллекциялық және басылымдар, мерзімді баспасөз, анықтамалық әдебиеттер, сондай-ақ биобиблиографиялық және библиографиялық көрсеткіштер ұсынылған.
2025 жылы кітапхана қоры 300 кітаппен толықты. Жаңа еңбектердің негізін жақын және алыс шет мемлекеттердің әлемдік көшбасшылары мен көрнекті тұлғаларының, сондай-ақ қоғам және саяси қайраткерлердің, мәдениет пен өнер өкілдерінің сыйға тартқан басылымдары құрады.
Сонымен қатар Президенттік орталықтың кітапхана қоры авторлардан, оқырмандардан және Орталыққа келушілерден сыйға берілген әдебиеттермен де толығуда.
Қазіргі уақытта баспа басылымдарының жалпы саны шамамен 23 мың дананы құрайды.
Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының кітапхана қоры сирек кездесетін басылымдардың бірегей коллекциясына ие.
Кітап қорын насихаттау және тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2025 жылы каталог жарық көрді.
Каталогқа Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша кеңестік және шетел әдебиеттерінен іріктелген 107 сирек және құнды баспа басылымы енгізілді, оның ішінде «XIX–XX ғасырлардағы шығыстанушы ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріндегі Қазақстан» және «Дүниежүзі тарихы» бөлімдері қамтылған.
Жаңа кітаптар оқырмандарға қолжетімді, кітапхана барша ниет білдірушілерді бірегей басылымдар мен сирек коллекциялармен танысуға шақырады.