Басты бет«Жүрек кемістігі бар науқастарда ырғақсыздықты емдеу мен оңалтудың қазіргі заманғы аспектілері» т...

«Жүрек кемістігі бар науқастарда ырғақсыздықты емдеу мен оңалтудың қазіргі заманғы аспектілері» тақырыбындағы мастер-класс

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамы Ұлттық медицина холдингінің Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығымен бірлесіп 2013 жылғы 16 - 20 қыркүйек аралығында «Жүрек кемістігі бар науқастарда ырғақсыздықты емдеу мен оңалтудың қазіргі заманғы аспектілері» тақырыбында мастер-класс өткізуде.

Аталған іс-шараны өткізу үшін Вильнюс Университетінің жанындағы аурухананың Сантаришкес клиникасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, кардиолог Елена Челуткиене шақыртылып отыр.

Мастер-класс шеңберінде қатысушылар жүрек кемістігі бар науқастарда ырғақсыздықты ультрадыбыстық диагностикалаудың теориялық және практикалық дағдыларын игереді. Диагностикалау мен емдеудің озық әдістерін іс жүзінде көрсету үшін Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының емделушілері тексеріледі.

Мастер-кластың ерекшелігі отандық мамандарды Қазақстан үшін бірегей болып табылатын емделушіге фармакологиялық немесе физикалық әсер ете отырып, жүрегіне эхографиялық зерттеу жүргізетін эхостресстест әдісіне үйрету. Аталған әдіс жасырын, белгісі жоқ ауруларды анықтауға және жүрек ауруын, соның ішінде кенеттен көз жұмуды алдын алуға мүмкіндік береді. Мастер-класқа барлық Қазақстаннан кардиолог, терапевт, ультрадыбыстық диагностикалау маманы сияқты дәрігерлер қатысады. Осындай іс-шараларды өткізу дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға және жалпы Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді.