2013 жылғы 29 тамызыда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы А. Бисембаевтың төрағалығымен Іс Басқармасының отырысы өтті.
Отырысқа Іс Басқарушының орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім меңгерушілері, ведомство мен ведомстволық қарасты ұйым басшылары қатысты.
Ведомстволық қарасты ұйымдар қызмет көрсететін объектілерді жылыту маусымына дайындау барысы және 2013 жылғы I жартыжылдық бойынша энергия үнемдеу қорытындысы туралы ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің меңгерушісі Қ. Ыдырысов баяндамасын оқыды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК қызметі туралы кәсіпорын директоры Е. Инербаев сөз сөйледі.
ҚР Президенті Іс басқармасының объектілерін жобалау, салу мен пайдалануға беру жұмыстарының барысы туралы Іс Басқарушының орынбасары С. Фомичев баяндады.
Отырыстың қорытындысы бойынша Іс Басқарушы бірқатар нақты тапсырма берді.