Басты бетПрезидент телерадиокешені: қайта жаңғыру нәтижелері мен даму жоспарлары

Президент телерадиокешені: қайта жаңғыру нәтижелері мен даму жоспарлары

Президент телерадиокешені: қайта жаңғыру нәтижелері мен даму жоспарлары Президент телерадиокешені: қайта жаңғыру нәтижелері мен даму жоспарлары Президент телерадиокешені: қайта жаңғыру нәтижелері мен даму жоспарлары Президент телерадиокешені: қайта жаңғыру нәтижелері мен даму жоспарлары Президент телерадиокешені: қайта жаңғыру нәтижелері мен даму жоспарлары

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ауқымды жаңғырту жұмыстарын аяқтап, бүгінде Орталық Азиядағы ірі медиахолдингтердің біріне айналды.

Бұл туралы Президент телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Телерадиокешен Президент қызметі туралы мультимедиалық контент өндіретін толыққанды фабрика ретінде қалыптасты.

Бүгінде үлкен шығармашылық ұжым жаңалықтар, деректі жобалар және цифрлық мазмұндағы контентті бірнеше тілде ішкі және халықаралық аудиторияға ұсынуда.

Шетелдік аудиторияға бағытталған хабар таратуға ерекше басымдық беріледі. Атап айтқанда, Silk Way бренді арқылы Қазақстанды халықаралық деңгейде ілгерілету ұжым жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. 

Телерадиокешен құрамына халықаралық телеарналар мен «Қазинформ» агенттігі кіреді.

Сондай-ақ Раушан Қажыбаева медианарықтағы өзекті мәселелерге тоқталып, телеаудиторияны өлшеу жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті. 

Өлшеу ауқымын бүкіл ел көлемінде кеңейту нақты телеқаралым деңгейінің және экономикалық тұрғыдан белсенді аудиторияның өскенін көрсетті.

Сонымен қатар ол теледидардың болашағы цифрлық бәсекелестік жағдайында көрермен назарын ұстап тұра алатын бірегей, сапалы әрі бәсекеге қабілетті контентке тікелей байланысты екенін атап өтті.

Сұхбаттың толық нұсқасын Tengrinews сайтынан оқи аласыздар https://tengrinews.kz/