Бүгін Астанада Парламентаризм институтының құрылғанына бес жыл толуына орай Еуразиялық форум өтті.
Форум Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қабырғасында ұйымдастырылып, Қазақстан, Орталық Азия елдері, Ресей және Беларусь мемлекеттерінен келген жетекші сарапшылардың басын қосты.
Форумның басты тақырыбы — парламентаризмді дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі, реформалар жағдайындағы парламенттік институттардың рөлі, сондай-ақ қоғамның өзге де өзекті мәселелері талқыланды.
Форум аясында Парламентаризм институтына заң шығару және сараптамалық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Парламент басшылығы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі атынан алғыс хаттар табысталды.
Қатысушылар бес жыл ішінде Парламентаризм институтының парламенттік реформалар үдерісіне белсенді араласатын тұрақты сараптамалық-талдамалық алаңға айналғанын атап өтті.
Толығырақ kazinform сайтынан оқи аласыз https://www.inform.kz/