Басты бет«Оқжетпес» шипажайында жасанды интеллект арқылы диагностика жасау енгізілуде

«Оқжетпес» шипажайында жасанды интеллект арқылы диагностика жасау енгізілуде

«Оқжетпес» шипажайында жасанды интеллект арқылы диагностика жасау енгізілуде «Оқжетпес» шипажайында жасанды интеллект арқылы диагностика жасау енгізілуде

Медициналық орталыққа қарасты «Оқжетпес» шипажайы заманауи медициналық технологияларды кезең-кезеңімен енгізуде.

Бұл бағыттағы дамудың негізгі басымдықтарының бірі – жасанды интеллектті қолдану арқылы ағзаның кешенді диагностикасын жүргізу. Шипажайда негізгі ағза жүйелерінің функционалдық жағдайын, стресс деңгейін және ықтимал қауіп факторларын қысқа мерзімде әрі инвазивті емес форматта бағалауға мүмкіндік беретін AI-станциялар кезең-кезеңімен енгізілуде.

Алынған деректер дәрігерлер тарапынан жеке емдеу және оңалту бағдарламаларын әзірлеу үшін қолданылады. Бұл сауықтыру шараларының тиімділігін арттырып, қонақтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Осылайша, жасанды интеллектті пайдалану шипажайдың цифрлық технологиялар мен дәстүрлі медицинаның әдістерін үйлестіретін кешенді тәсілін толықтыра отырып, аурулардың алдын алуға және денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз https://www.inform.kz/