Доха қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені басшылығы мен Al Jazeera Media Network өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында үш жылдық ынтымақтастық қорытындыланып, өзара іс-қимылдың болашақ бағыттары айқындалды.
ҚР Президентінің Телерадиокешені директоры Раушан Қажыбаева мен Al Jazeera Media Network бас директоры Шейх Нассер бин Фейсал Әл Тани медиакомпанияның Орталық Азиядағы қатысу аясын кеңейту мәселесін, соның ішінде Қазақстанда хабар таратуды ұйымдастыру және бірлескен жобаларды дамыту перспективаларын талқылады.
Тараптар өңір журналистерін оқытуға ерекше көңіл бөлді. Al Jazeera Media Institute директоры Иман Әл Әмримен өткен кездесу барысында 2026 жылы Қазақстанда екінші «Al Jazeera апталығы» өтетіні белгілі болды. Сондай-ақ қазақстандық студенттер мен журналистерге Al Jazeera Media Institute-тың білім беру материалдары мен кәсіби кітапханасына қолжетімділік беру мүмкіндігі талқыланды.
Толығырақ Kazinform сайтынан оқыңыз https://kaz.inform.kz/