Басты бетПарламентаризм институты: әлем және Қазақстан парламенттеріндегі реформаларға көзқарас

Парламентаризм институты: әлем және Қазақстан парламенттеріндегі реформаларға көзқарас

Парламентаризм институты: әлем және Қазақстан парламенттеріндегі реформаларға көзқарас

Қазақстанда парламенттік реформа әзірленуде, бұл ретте халықаралық тәжірибені зерделеудің өзектілігі айрықша артты. Парламентаризм институты Құқықтық талдау орталығының жетекшісі Кенжалы Ахметовтің «Караван» сайтында жарияланған мақаласында басқа елдерде реформалар қалай жүзеге асқаны және қазақстандық модельдің ерекшелегі жан-жақты қарастырылған.

Әлемдегі парламенттік өзгерістер түрлі сценарийлер бойынша дамуда: Еуропада — кең қоғамдық талқылаулар мен мықты комитеттер арқылы кезең-кезеңімен; Азияда тиімділік пен партиялық жүйеге басымдық бере отырып неғұрлым орталықтандырылған түрде; посткеңестік елдерде көбіне саяси дағдарыстардың қысымы әсерінен реактивті түрде. Қазақстандық модель жүйелілігімен және қоғамның қатысуының жоғары деңгейімен ерекшеленеді. 

Реформалар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Ұлттық құрылтай және сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерімен ашық консультациялар арқылы жүзеге асты. 2022 жылғы референдум маңызды қадамдардың бірі болып, өзгерістерге ерекше құқықтық негіз берді.  Сондай-ақ сайлау жүйесі мен парламенттік бақылау тетіктері жаңартылып, Парламенттің рөлі және тежеуші әрі тепе-теңдік жүйесі күшейтілді.

Толығырақ «Караван» сайтында оқи аласыз https://www.caravan.kz/