Медициналық орталық Ауруханасының рентгенхирургия бөлімінің меңгерушісі Александр Землянский рентгенэндоваскулярлық хирургияның ең озық әдістері туралы айтты.
Бұл технологиялар күрделі операцияларды науқас үшін минималды қауіппен жасауға мүмкіндік береді.
Рентгенхирургия – рентгендік визуализацияның көмегімен денені жарақаттамай-ақ күрделі емдік араласулар жүргізуге мүмкіндік беретін медицинаның жаңа бағыты.
Оның классикалық хирургиядан басты айырмашылығы – жарақаттаудың өте аз болуында, сондай-ақ наркоздың сирек қолданылуында. Бұл әдіс арқылы ем жасалғанда ағзаның қалпына келу процесі әлдеқайда жылдам өтеді, асқыну қаупі де айтарлықтай төмен болады.
Рентгенхирургия көбіне жүректің ишемиялық ауруында, миокард инфарктінде, сондай-ақ онкологиялық ауруларды емдеуде қолданылады.
Медициналық орталық Ауруханасының рентгенхирургия бөлімінің меңгерушісінің сұхбатының толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар https://tengrinews.kz/