«Ең мықты» тележобасы жұмысшы мамандығы машығын түрлі сынақтармен және өмір үшін күрес элементтерімен шебер ұштастырған отандық телевизиядағы алғашқы телеөнім. Бұл тұрғыда ол америкалық Tough as Nails бағдарламасына ұқсайды.
Сегіз эпизод бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жұмысшы мамандықтардың 20 өкілі ең күрделі физикалық және психологиялық сынақтардан өтті. Дәнекерлеушілер, металлургтер, электриктер, аспаздар және басқа да қатысушылар күшін, төзімділігін және қайсарлығын көрсетті.
Түсірілім Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы маңында өтті. Жобаны журналист Дина Төлепберген жүргізді.
Тартысты бәсекеде алты қатысушы финалға өтті. Нәтижесінде «Алматы электр станциялары» АҚ №7 турбиналық цехының аға машинисі Айдос Масиралиев жеңімпаз атанды.
Жоба жеңімпазына «Ең мықты» атағы мен бас жүлде ретінде Астана қаласынан пәтер кілті табысталды.
Толығырақ https://www.inform.kz/