Басты бет«Бірлік» филиалы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді

«Бірлік» филиалы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді

2013 жылғы 8 тамызда «Бірлік» филиалы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.     

Іс-шараға  ҚР Өңірлік даму министрлігінің архитектура, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры Салауат Дембай; Архитектура және қала құрылысы департаментінің Құрылыс және қаржы институттарымен жұмыс басқармасының басшысы Ақылбек Насыпов; «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Әйтекенов, «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ  басқарушы директоры Рүстембек Ибраимов, сондай-ақ филиалдың партия мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы туралы ақпарат алуға мүдделі ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты.  

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауын іске асыру мақсатында қабылданды. 

Бағдарламаның мақсаты – халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу. 

Аталған семинар тұрғын үй алудың нақты механизмдерін жеткізу және түсіндіру үшін ұйымдастырылды, бұл - өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша тікелей жауап  алу мүмкіндігі. 

Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, бұдан әрі «Бірлік» филиалы тікелей бастауыш  партия ұйымдарында  «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына түсіндіруді жоспарлап отыр.