Ұлттық госпиталь Медициналық орталыққа қарасты 95 жылдық тарихы бар елдегі ең іргелі емдеу мекемелерінің бірі. Қазіргі таңда мұнда заманауи диагностикалық және емдік қызмет көрсетіледі, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді және соңғы медициналық технологиялар енгізілуде.
Соматикалық бөлімнің меңгерушісі, тәжірибелі дәрігер Зәуре Кездікбаева госпиталь жұмысы мен бөлімнің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Оның айтуынша, мұнда ішкі ауруларды емдеуде кешенді тәсіл қолданылады, ғылыми жұмыс белсенді дамуда, жаңа орталықтар ашылады, ал ұжым жас мамандармен толығуда.
Сұхбат барысында аурулардың «жасаруы», дұрыс тамақтану, стресс, ұйқы сапасы және зиянды әдеттердің денсаулыққа салдары да сөз болды. Дәрігер атап өткендей, болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтаудың басты шарттары - алдын алу шаралары, емдеу ісіне жауапты қарау және өмір салтына баса мән беру.
Толығырақ kazgazeta сайтында https://aqiqat.kazgazeta.kz/