Тәуелсіздік күніне арналған шара Астана қаласы әкімдігіне қарасты Әдістемелік орталық және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Фестивальдің мақсаты — балалардың әлеуметтік-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, тәрбиеленушілердің отбасымен тиімді өзара іс-қимылды дамыту, отбасылық құндылықтарды, рухани мәдениетті және ұлттық дәстүрлерді сақтау мен нығайту.
Шараға елордалық балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты. Олар өздерінің «Жеті ата» шежірелерін таныстырып, отбасыларының тарихымен бөлісті.
«Бұл шара жастар мен балаларды тәрбиелеуге зор үлес қосып жатыр деп есептеймін. Қазақтың салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын үйретуде маңызы өте жоғары. Елорданың барлық балабақшалары белсенді атсалысып келеді», – деді № 91 «Еңлік» балабақшасы тәрбиеленушісінің ата-анасы Өскенбай Абылбай.
Шараға шамамен 150 адам қатысты, түрлі аталымдар бойынша жеңімпаз атанған қатысушылар туралы толығырақ мына сілтемеден біле аласыздар.
Толығырақ https://www.vechastana.kz/