Басты бетМедорталық ауруханасының анестезиолог-реаниматологы өз жұмысы жайлы айтып берді

Медорталық ауруханасының анестезиолог-реаниматологы өз жұмысы жайлы айтып берді

Медорталық ауруханасының анестезиолог-реаниматологы өз жұмысы жайлы айтып берді Медорталық ауруханасының анестезиолог-реаниматологы өз жұмысы жайлы айтып берді

ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері өз сұхбатында заманауи анестезиология, наркоздың түрлері мен принциптерінен бастап, инновациялық технологиялар және операцияда командалық жұмыстың маңызы туралы айтып берді.

Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Саят Валерьевич El.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында заманауи анестезиологияның жұмысы туралы жан-жақты түсіндірді. Ол наркоздың түрлері, жансыздандырудың тиімді әдісін таңдау тәртібі және пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған технологиялар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ маман анестезияға қатысты кең тараған қауіп-қатерлер туралы мифтерді жоққа шығарып, егде жастағы және созылмалы аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің ерекшеліктерін түсіндірді. Пациентке мұқият қарау, операция барысында команданың өзара үйлесімді жұмысы шешуші рөл атқаратын жөнінде және кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

Анестезия – науқастың ауырсынуын басып, қажет болған жағдайда санасын уақытша «өшіріп», операцияның қауіпсіз әрі жайлы өтуін қамтамасыз ететін басқарылатын медициналық үрдіс. Біз сол уақытта науқастың тыныс алуын, қан қысымын, жүрек соғысын және басқа да өмірлік маңызды көрсеткіштерін толық бақылауда ұстаймыз, – дейді дәрігер.

Анестезияның бірнеше негізгі түрі бар. Жалпы анестезия кезінде науқас дәрілік ұйқыға кетіп, ауырсынуды сезбейді. Аймақтық (жергілікті) анестезия барысында белгілі бір дене бөлігі жансыздандырылып, науқас есінде қалады. Сондай-ақ операцияның сипаты мен науқастың жағдайына байланысты қолданылатын аралас әдістер де бар.

Анестезиологтың басты міндеті – науқас үшін ең қауіпсіз әрі тиімді әдісті таңдау.

Сұхбатты толығырақ El.kz сайтынан оқи аласыз https://el.kz/