2013 жылдың 25 шілдесінде «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК, Астана қ. ТЖД бірлесіп, жалған өртті тоқтату бойынша өрт-тактикалық үйрету жаттығуын өткізді. Жалған өрттің пайда болған орны ҚР Парламенті Мәжіліс ғимаратының үшінші қабатының буфет орын жайы, яғни № 310 кабинеті болып табылды. Жаттығуда Кәсіпорынның кезекші және өрт-техникалық қызметтерінің 22 жұмыскері, Астана қ. бойынша ТЖД-нің 20 қызметкері, ҚР ІІМ Үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі Полиция полкінің 16 қызметкері, мердігер ұйымы «S - Sistems» ЖШС-нің 2 қызметкері әрекет етті.
Жоспарлық іс-шараларды орындау процессінде ғимараттан 252 адам көшірілді, Астана қ. ТЖД-нің өртке қарсы қызметімен және Кәсіпорынның жұмыскерлерімен және де ҚР ІІМ Үкіметтік мекемелерді қорғау жөніндегі Полиция полкінің қызметкерлерімен өзара әрекеттесу іс-шаралары бойынша жұмыс істелінді, ҚР Парламенті Мәжіліс ғимаратындағы автоматтандырылған өрт дабылдамасына және хабар беру жүйелерінің жұмысына тексерулер өткізілді.
2013 жылдың 31 шілдесінде «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» РМК Астана қ. АӨБ-3 бірігіп өртке қарсы қауіпсіздік оқулар өткізілді. Кәсіпорыннан 20 адам, АӨБ-3 құрамынан 14 адам қатысты. Оқу барысында 2 автоцистерна, 1 автосаты қолданды, халықты қауіпсіз жерге көшіру, өрт дамуын тоқтату, оны оқшаулау дағдылары бекітілді.
Ал, 2013 жылғы 7 тамызда «Қазақстан Республикасы Парламенті шаруашылық басқармасының автошаруашылығы» РМКөрт-тактикалық үйрету жаттығуын өткізеді.