Басты бетМедициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының кәсіби маманы туралы бір үзік сыр

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының кәсіби маманы туралы бір үзік сыр

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының кәсіби маманы туралы бір үзік сыр

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұжым жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ететін еңбек адамдарының рөлін айшықтау қашан да маңызды.Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында осындай маңызды міндетті логистика менеджері Шерхан Жақсылықұлы Жүнүсов атқарады. Ол орталық жұмысының мінсіз әрі үздіксіз жүруіне жауапты маман.

Оның жұмысы көп жағдайда көзге көрінбейді, алайда дәл осы міндеттер іс-шаралардың, тренингтердің және жобалардың табысты өтуіне негіз болады. Шерхан Жүнүсов көліктер мен жабдықтардың дайындығын тексереді, бағыттарды жоспарлайды, жол жағдайын талдайды, қызметкерлердің кестесін ескере отырып, жолда туындайтын мәселелерді жедел шешеді.

Кейіпкеріміздің жұмыс күні іс-шаралардан әлдеқайда ерте басталып, барлық шаралар біткеннен кейін аяқталады. Ал оның сабырлылығы, мұқияттылығы мен дәлдігі бүкіл командаға сенімділік береді.

Әріптестері оның кәсіби біліктілігін және сенімділігін атап өтеді. Ал өзі пайдалы болу, дамуға және білім алуға ұмтылу оған шабыт беретінін айтады. Ұжымның қолдауы оның жұмысының маңызын ерекше арттыра түседі.

Оның әр шақырымы Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының тиімділігіне қосылған үлес, әрбір шешімі – ортақ команданың бір бөлігі. 

Толығырақ сілтемеден оқи аласыздар https://qazynatimes.kz/