2013 жылғы 2 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Автошаруашылығы РМК Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиналыс өтті.
Бұл мереке тамыз айының бірінші жексенбісінде аталып өтеді.
Бұл күні сый-құрмет тек жүргізушілерге ғана емес, сонымен бірге жөндеу цехтарының жұмысшылары мен шеберлеріне, диспетчерлерге, қосалқы персоналға, инженерлік-техникалық қызметкерлерге, бөлім басшыларына, мамандарға, жалпы өзінің кәсіби міндетін адал орындайтын барлық қызметкерлерге көрсетіледі.
Cалтанатты түрде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының атынан автошаруашылықтың бастауында тұрған ардагерлер: жүргізушілер Қ. Абсағаитов, С. Ахметжанов, А. Бекбауов, автомашина жөндеу мамандары В. Лукин, С. Тоқмолдаев Құрмет грамоталырымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер!