Басты бетҒимараттарға қызмет көрсету

Ғимараттарға қызмет көрсету

Жалпы мағлұмат

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

 «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары  дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі-Дирекция) негізгі қызмет аясы әкімшілік ғимараттарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету болып табылады.

Дирекцияның 1790 адамнан құралған жоғары білікті ұжымы жалпы ауданы 370 561 шаршы метр болатын жеті ғимаратқа қызмет көрсетеді. Әкімшілік ғимараттар заманауи инженерлік жүйелермен, әлемдік деңгейдегі жетекші өндірушілердің жоғары технологиялық жабдықтарымен қамтамасыз етілген. 

Қызмет

Дирекцияның құрылымдық бөлімшелері нысандарға ғимараттарды пайдалану жөніндегі қызметтер кешенін көрсетеді. Электр техникасы қызметі, техникалық қызметі, лифтілерді пайдалану қызметі мен жабдықтарды пайдалану қызметтері:

  • электрмен қамтамасыз ету жүйелерін жедел басқару және бақылауды;
  • ішкі және сыртқы жарық беруді;
  • желдету және ауа баптауды;
  • тоңазытуды;
  • жылу беруді;
  • сумен қамтамасыз ету және су таратуды;
  • кәріз;
  • лифтілерді пайдалану және қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Автоматика, ақпараттандыру және байланыс қызметі мен конференц-жүйелерін техникалық қамтамасыз ету қызметі:

  • автоматика жүйесінің;
  • автоматты өрт дабылы мен өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелерінің;
  • күзет дабылы мен бейне бақылау жүйелерінің;
  • дауысты хабарлау жүйесінің;
  • телекоммуникация жүйесінің;
  • мәжіліс залдарындағы конференц жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Дирекцияның техникалық мамандары тәулік бойы жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін және олардың жұмыс режимінің сақталуын қадағалап отырады. Инженерлік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және алдын ала жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі барлық жұмыстар пайдалану және жобалық құжаттарға сәйкес, сонымен қатар мемлекеттік стандарттар мен техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Дирекцияның шаруашылық қызметтері:

ішкі орынжайлар және жерасты тұрақтары мен іргелес аумақтардың тазалығын сақтайтын күнсайынғы кәсіби тазалау жұмыстары;

  • ресми іс-шаралар мен кездесуге арналған залдарды дайындау;
  • бекітілген нормаларға сәйкес кеңсе тауарлары мен тазарту құралдарын беру;
  • санжүйелерді дәретхана қағаздарымен, сұйық сабынмен және ауа тазартқышпен қамтамасыз ету;
  • аяқ киім тазартатын аппараттарға сұйық крем құю;
  • киім ілгіштер мен кір жуу жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • жүктерді тасымалдау, жиһаздардың орнын ауыстыру, ғимарат ішінде қызметкерлердің көшуіне көмектесу;
  • қоймаларда арту, түсіру жұмыстарын жүргізу;
  • қажеттілік болған жағдайда ғимараттарды күнделікті жөндеу жұмыстарын анықтау;
  • жөндеу жұмысын жүргізу;
  • ғимараттар мен іргелес аумақтарда дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарын жүргізу;
  • төбелерді қар мен қоқыстардан тазарту секілді клинингтік жұмыстарды өткізеді.

Дирекцияның жөндеу-құрылыс қызметі кабинеттерді, залдарды, холдарды, дәліздерді техникалық және басқа да орынжайларға косметикалық жөндеу, қабырғаларды жылыту жұмыстарын жүргізеді, ағаш-ұсталық, майлау-бояу және плита қалау жұмыстарын орындайды.

Әкімшілік ғимараттарға, орталық мемлекеттік органдарға келушілерді кіргізу үшін рұқсаттама бюросы жұмыс істейді.

Дирекция қызмет көрсететін әкімшілік ғимараттар

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» Резиденциясы

«Үкімет Үйі»

«Министрліктер Үйі»

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы

Бейбітшілік, 2 әкімшілік ғимараты

Баспа-полиграфия орталығы

Байланыс
010000, Астана қ.,
Орынбор көшесі, 6 үй, «Үкімет Үйі» ғимараты

Тел.: 8(7172) 745031 (қабылдау бөлмесі), факс: 8(7172) 745170

directorate@global.kz