Басты бет«Бүркіт» МАК» РМК ұшақтарының ұшқыштары судағы авариялық-құтқару дайындық бойынша арнайы оқудан өтті

«Бүркіт» МАК» РМК ұшақтарының ұшқыштары судағы авариялық-құтқару дайындық бойынша арнайы оқудан өтті

«Бүркіт» МАК» РМК ұшақтарының ұшқыштары құрамы Баку қаласындағы (Әзербайжан)«Occupational Training International»(OTI) сертификатталған оқу орталығында судағы авариялық-құтқару дайындық бойынша арнайы оқудан өтті.

 

Аталған дайындыққа судағы стандарттық шаралардан басқа суға батып кеткен ұшақтан жолаушылар мен экипажды шығару бойынша жаттықтандырулар кірген.

 

Occupational Training International 2000 жылы аккредитивтелген және National Safety Council US,  Өрт қауіпсіздігінің ұлттық ассоциациясы (NFPA, National Fire Protection Association) және Қауіпсіздік техникасына және теңізде тірі қалуға оқыту бойынша халықаралық ассоциацияның (IASST, International Association for Safety and Survival Training) мүшесі болып табылады.

 

«Бүркіт» МАК» РМК ұшқыштар құрамы оқуды ойдағыдай аяқтап,International Association for Safety and Survival Training, (IASST) халықаралық базасына, сондай-ақ Vantage жүйесіне енгізілді.