Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов арасында Астанада өткен ресми келіссөздер аясында екі тарап екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойды.
Қол қойылған құжаттар қатарында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ШЖҚ РМК мен Түрікменстанның Телевизия, радио хабар тарату және кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында ақпараттық сала бойынша ынтымақтастық туралы келісім бар.
Аталған келісім екі елдің ұлттық медиа құрылымдары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды тереңдетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.