Ұлттық госпитальда ұзақ уақыт бойы шетелде анықталмай келген күрделі ауру түрлерін дәл диагностикалау және тиімді емдеу мүмкіндігі бар.
Мәселен, онкологияға күдікпен Оңтүстік Кореяда бірнеше тексеруден өткен емделушіге Ұлттық госпиталь мамандары жүйелі васкулит диагнозын дәл анықтады.
«Бұл ауруды толық емдеп жазу мүмкін емес, бірақ біз симптомдарды басып, емделушінің жағдайын жақсарта аламыз», — деді терапия бөлімінің ревматологы Меруерт Сарсенбаева.
Жыл басынан бері Қазақстанның медициналық ұйымдарына 80 мыңнан астам шетелдік емделуші жүгінген. Ал Ұлттық госпитальда 742 шетелдік азамат ем қабылдады, олардың басым бөлігі амбулаторлық түрде.
Көбіне Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия елдерінің азаматтары келеді, сондай-ақ Австралия, Ұлыбритания, Канада, Испания және Филиппиннен де емделушілер болған.
Ең көп сұранысқа ие бағыттар: терапия, онкохирургия, нейрохирургия және стоматология. Шетелдік емделушілер Қазақстандағы медициналық қызметтің жоғары деңгейін және бағасының қолжетімділігін ерекше атап өткен.
Толығырақ https://yvision.kz/