Фильмде еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бастап, бүгінге дейін даму шежіресі баяндалған. Бұл туынды еліміздің даму тарихына ғана емес, бүкіл ТМД елдерінің кешегі мен бүгінгі жағдайына арналып отыр. Сондай-ақ, халық көкейінде көптен бері жүрген сұрақтарға жауап береді.
Кеңестік кезеңдегі саяси аренада қандай үдерістер жүріп жатты? Достастықты құруға кім негіз болды? Шешуші кезеңде кім басты рөл ойнады?
Осы және басқа да жайттар туралы белгілі ғалымдар мен сол мәселеге қатысы бар адамдар – ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин, Нобель сыйлығының лауреаты Эрвин Неер, Джордж Фицджеральд Смут, Александр Манделлдің пікірлерінен біле аласыздар.
Жоба жетекшісі - Ерлан Бекхожин, режиссер - Ерлан Сагинов.
Бұл фильм республика шеңберіндегі телеарна эфирінен көрсетіліп жатыр.