Іс басқармасының Медициналық орталық Ауруханасында онкологиялық аурулардың басым бөлігінде кездесетін сүйек метастаздарын емдеу үшін «Самарий» радиофармацевтикалық препараты қолданылуда.
Препарат ісік ошақтарына дәл әсер етіп, ауырсынуды азайтады және науқастарға күшті ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауды азайтуға мүмкіндік береді.
Ем амбулаториялық түрде жүргізіледі: бір курс 5–6 сағатқа созылады және 3–6 циклден тұрады. Қазіргі уақытта препарат Өзбекстаннан сатып алынады, алайда Алматыда отандық өндірісті іске қосу жоспарланып отыр.
Болашақта бұл терапияны тегін медициналық көмек тізіміне енгізу жоспарлануда.
««Самарий» препаратын қолдану – Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының ядролық медицина мен тераностика саласын дамытудағы маңызды қадамы. Тераностика – бір препарат арқылы ісік ошақтарын анықтау мен емдеуді ұштастыратын бағыт», — деді Ядролық медицина орталығының жетекшісі Айгүл Сәдуақасова.
Толығырақ Turan Times сайтынан оқи аласыздар https://turantimes.kz/