Мемлекет басшысының Өкімімен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Басқа қызметке ауыстыруына байланысты Қараулов Қанат Серікұлы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат Басшысы қызметінен босатылды.