Басты бетSilk Way Star байқауының ақтық сынына аз қалды

Silk Way Star байқауының ақтық сынына аз қалды

Silk Way Star байқауының ақтық сынына аз қалды

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені China Media Group-пен бірлесіп жүзеге асырып жатқан Silk Way Star алғашқы азиялық вокалдық мегажобасының финалистері ақтық сында өзара мықтыны анықтау үшін қызу дайындыққа кірісті.

Сахнада және сахна сыртында репетициялар, жеке сабақтар және техникалық дайындықтар пысықталуда.

Финалдық нөмірлерге қазақстандық мамандар – вокалдық педагогтар, хореографтар және стилисттер жауапты.

Финалға Язмин Азиз (Малайзия), Мадинабону Адылова (Өзбекстан), Мишель Джозеф (Моңғолия), Автандил Абесламидзе (Грузия), ALEM (Қазақстан), Саро Геворгян (Армения) және Чжан Хэ Сюань (Қытай) өтті.

Оларды қолдау үшін Астанаға арнайы келген жақындары қатысушыларға жігер беріп, шабыт сыйлауда.

Гранд-финал 22 қараша күні сағат 20:00-де Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне қарасты Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.

Silk Way Star – Орталық Азиядағы 12 елдің өнерпаздарын біріктірген алғашқы вокалдық жоба.

Толығырақ «Казправда» сайтынан оқи аласыздар https://kazpravda.kz/