Медициналық орталықтың «Қарлығаш» балабақшасында өз ісіне адал еңбек адамдары көп. Солардың бірі ағаш ұстасы Жеңіс Әбуов. Оның қолынан балаларға арналған шағын орындықтардан бастап, тәрбиешілерге қажетті үлкен шкафтар жасау келеді.
Жеңіс Әбуовтің мамандыққа деген құштарлығы бала кезден, отбасындағы тәрбиеден бастау алған. Алты жасынан бастап үй шаруасына араласып, әкесіне үй салуға көмектескен. Бүгінде ұсталық Жеңіс үшін жай ғана жұмыс емес айналасына қуаныш пен ізгілік сыйлаудың ерекше жолы.
Ол күн сайын балабақша топтарын аралап, жиһаздарды жөндейді, құлыптарды ауыстырады, көрмелер мен мерекелерге арналған стендтерді бекітеді. Әріптестері оны «қолы алтын адам» деп атайды, ал балалар оның жұмысын қызығушылықпен бақылайды.
«Жұмыста ең бастысы – жауапкершілік пен төзім. Мұнда кішкентай детальдың өзі маңызды», – дейді Жеңіс Әбуов.
Толығырақ InAstana сайтынан оқи аласыз https://www.inastana.kz/